Нұрсұлтан Назарбаев қоры интеллектуалды дамуында ерекшелігі бар адамдарға арналған спорт федерациясы кеңесінің ашылуына қолдау көрсетті

Федерация 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Ұйымның 13 өңірлік филиалы бар, олар спортшыларды тәрбиелеп, интеллектуалды дамуында ерекшелігі бар жандардан жасақталған құрама командалардың мүшелерін даярлаумен айналысады.

Федерация олардың арнайы спорттық жарыстарға қатысуына мүмкіндіктер жасайды, сонымен қатар, әлеуметтік сала проблемаларын шешуге, бейімделгіш спортты дамытуға, жүзуді, үлкен теннисті, велоспортты және т.б. танымал етуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырады.

Қор федерацияны компьютерлік техникамен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етіп, қолдады.

Федерацияның қызметіне табыс пен сәттілік тілейміз!