«Мұнай өндіру саласының сервистік инфрақұрылымын дамытудың әлеуеті зор. Біз бірлесе отырып, жер қойнауын пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлерін көбейтуге болар еді. Бұл тек көлік пен логистика, құрылыс қана емес, инжиниринг, жобалау, ақпараттық технологиялар сынды жоғары технологиялық қызмет көрсету. Бұл бағытта біздің бірлескен кәсіпорындарымыз нағыз табысты құралға айнала алады. Осының негізінде озы тәжірибе мен инновацияларды ұрпақтан ұрпаққа беріп отыратын кадр даярлануы тиіс», - деді Н.Назарбаев Атырауда өткен қазақ-ресей форумында.
«Орташа-арнайы оқу орындары мен ЖОО түлектерін даярлау саласындағы ынтымақтастықты жандандырып, елдеріміз арасында мұнай-газ өнеркәсібі нысандарында тәжірибеден өтетін студенттер санын арттыруымыз қажет», - деп қосты мемлекет басшысы.