– «Лукойл» компаниясы Қазақстанда бұрыннан келе жатқан ірі инвесторлардың бірі. Сіздер «Теңіз», «Қарашығанақ» сияқты кен орындарында жұмыс істейсіздер, «Каспий құбыр консорциумының» инфрақұрылымдық жобасына қатысып жатырсыздар, – деді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы.
В.Алекперов Елбасыға бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін арттыру жоспары туралы айтып берді.