Нұрсұлтан Назарбаев санкцияға қатысты пікірін білдірді


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Әлемдегі қақтығыстардың артуы, әсіресе Украина мен Таяу Шығыстағы жағдай бізді қатты алаңдатады. Қиындықтарды бейбіт түрде жеңе білуіміз керек. Ал  шексіз санкция салу тығырықтан шығудың тиімді жолы емес. Керісінше, тараптар екі жақты келісімге келіп, мәселенің түйінін тарқатуға тырысқаны жөн. Бұл бағытта Қазақстан қашан да қолдау көрсетуге дайын.

Дәл осы мақсатта  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік ету туралы өтінішін 2017-18 жылдарға жылжытыпты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев біздің елімізде жұмыс істеп, табыс табамын деген шетелдік бизнесмендерге  қолайлы жағдай жасалғанын, тіпті 10 мемлекеттің инвесторына визасыз емін-еркін кіріп-шығуына рұқсат етілгенін тілге тиек етті. Дипломаттар  да өз кезегінде Қазақстанның қолдауын бағалайтынын, әрі қарай да экономикалық және саяси тату қарым-қатынасты сақтап қалуға барынша тырысатындарын жеткізді. Ал салтанатты кездесу соңында  Малайзия, Эстония, Ливия, Иран, Тәжікстан, Канаданың  біздің еліміздегі елшілері Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыстады.