Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.