Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жасырылған капиталға рақымшылық жасамақ

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ы видите, что происходит в мире, что-то политическое случается и всем бизнесменам, всем, всем, у кого деньги там есть, берут за одно место и заставляют делать, то, что им хочется с вами. Давайте договоримся, мы же в своей родной стране находимся. Договоримся, что вы тащите деньги сюда, и мы вам гарантируем, что никто их не тронет.

Сондықтан салым түрлі саяси себеппен күйіп кетпесі үшін кәсіпкерлерге капиталын отанына құюға шақырды. Мұндай науқан 2017 жылы басталатын жаппай декларациялаудың алдында өткізілуі тиіс. Ал инвестициялық тұрғыда табысты ірі жобаларды Үкімет ұсынуға әзір. Ақордада өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев жекенің мүлкін ешкімнің заңсыз тартып алуына жол берілмейтінін де, мәлімдеді. Сондай-ақ, президент 2 айдан соң елімізде 800-ге жуық кәсіпорынның жаппай жекенің қолына берілетінін айтып, орта және шағын бизнестің әлі бюрократиялық кедергілерден көз аша алмай отырғанын сынады. Ал жұмыс істеуге қәбілетті жандарға жеке кәсіппен айналысуға кеңес берді. Тіпті Үкіметке ауылдарға дейін бизнес мектептерін ашуды тапсырды.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар. Жұмыс істегісі келмейтіндерге жұмыс жоқ. Солай ма, жоқ па? Енді не істеу керек? Ауылда отырсаң анау микрокредитті ал да, тауық, сиыр сатып аласың ба, жер айдайсың ба,өзіңді өзің асыра. Қаражат беріп отыр. Ол да қолыңнан келмей ма, қолыңнан алып қалаға әкеліп мемлекеттің ақшасына әкеліп оқытып, қолыңа мамандық беріп жұмысқа орналастырады. Сол кезде тұратын үйді де береді. Одан артық не істеу керек?