Нұрсұлтан Назарбаев Шри-Ланка бизнесмендерін Қазақстанды индустриаландыру бағдарламасына қатысуға шақырды

«Мен шриланкалық серіктестерді еліміздегі индустриалды бағдарламаны жүзеге асыру ісіне үлес қосуға шақырдым», - деді ол сейсенбі күні Шри-Ланка президенті Махинда Раджапакспен кездесуден кейін өткен брифингте.

Н.Назарбаев «бұл жерде Қазақстан экономикасы саласындағы әр түрлі бағдарламалар туралы әңгіме болып отырғанын» екенін атап өтті.
«Шри-Ланка ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттайтын ел. Оның өнім өңдеу мүмкіндіктері де жоғары. Ал, бұл біз үшін өте қажет нәрсе. Энергетика, көлік, туризм - біздің ынтымақтастығымызға негіз бола алатын салалар болып табылады», - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, жеңіл өнеркәсіп саласын, соның ішінде тоқыма өнімдерін бірлесіп дамытуға зор мүмкіндік туып отыр