Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімін не үшін жиі ауыстырғанын түсіндірді

-20 жыл. Қандай жас едік...

Шаруа қожалықтарының басшыларымен емен- жарқын әңгімелескен  Елбасы жуырда Иран  президентімен кездесетінін айтты. Оның маңыздылығы сол – осы  ел арқылы Қазақстан өз астығын парсы шығанағындағы мемлекеттерге  саудаға шығара алады. Биыл еліміз 8 миллион тонна бидайды  сыртқа сатуды жоспарлап отыр. Оның әрбір төртінші тоннасы Қызылжар өңірінде өседі екен. Президент мына жағдайға назар аударды: Қазақстан мен Канада жерінің құнарлығы мен жағрапиялық жағдайы бірдей. Бірақ мұхиттың арғы жағындағы ел әр гектардан 30 центерден артық астық алады екен. Ал біздің елімізде бұл көрсеткіш 10-12 центер ғана.  «Бұл ойланатын жағдай»-,  деді Елбасы. Сондай- ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жуырда тағайындалған облыс әкімі Ерік Сұлтановқа кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Бұл әкім сіздердің жерлестеріңіз. Оған жұмыс  істеу оңай болмайын деп тұр. Ағайын туыстар көп дегендей. Бәрі жағдайларын жасауды сұрайтын шығар.  Жұмысыңды  әділ істе. Саған дейінгі әкімдер ұятқа қалған.