Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесіндегі бюрократиямен күресуге пәрмен берді

Бүгін Ақордаға Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәмиді шақыртқан  мемлекет басшысы қойған талабын судьяларға жеткізуді міндеттеді. Ал еліміздің бас қазысы Қайрат Мәми жеткен жетістіктерін баяндауды ұмытқан жоқ. Алайда Елбасы жақсы көрсеткішке иек арта бермей, судьялардың беделін көтеріп, сот жүйесіне бөлінген ақшаны ақтауды  талап етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:



-Соттардың санын көбейттік. Өздеріңіз сұрағаннан кейін бір судьяға түскен  ауыртпалқ үлкен болды.  Үлгермей жатыр сапасы болмай жатыр деген соң, ол жағын да шештік. Басқада жағдайларын шешіп жатырмыз судьялардың жұмыс істейтін. Сондықтан болашақта үлкен нәтижелер күтуге болады.