Нұрсұлтан Назарбаев статистикалық мәліметтердің шынайы болуын талап етті


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Агенттіктің жұмысына байланысты мемлекет шешім қабылдайды. Көп нәрсені жаңағы ауылдардағы, ауданның деңгейіне дейін бару деген тапсырма беріп едім, қарадыңдар ма оны?

-Қарадық.

«Қарадық» деп отырғаны әкімдердің бағалау жүйесін қайта өзгерткені. Елбасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайловқаэкономика, жұмыссыздық, халықтың тұрмысы мен мемлекеттік органдардың қызметі жайлы статистиканың нақты әрі шынайы болуын талап етті. Сондай-ақ, оның әділ жүргізілуін және ескі бағалау әдісін өзгертіп, салаға жаңа технологияларды енгізуді тапсырды.