Нұрсұлтан Назарбаев тхэквондо бойынша құрметті тоғызыншы данға ие болды

Н.Назарбаев және Тхэквондо бойынша әлемдік федерация президенті Қазақстанда осы спорт түрін жандандырудың келешегін талқылады, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

" Тхэквондо бойынша қазақстандық федерация Тхэквондо бойынша әлемдік федерация құрамына 1993 жылы енген. Сол кезден бастап біздің елде спорттың бұл түрі жылдам дамып келеді, 11 мың адам белсенді айналысады, 250 жуық жаттықтырушы бар. Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік жарыста 9 қола медаль ұтып алды, азиялық деңгейде бір алтын медаль ұтып алған".

"Сіздің сапарыңыз жастардың спорттың осы түріне назарын аударады деп сенемін", деді Н.Назарбаев, оның сөздерін баспасөз қызметі келтіріп отыр.


Кездесу аяқталған соң Чунгвон Чо Н.Назарбаевқа тхэквондо (WTF) бойынша құрметті тоғызыншы дан мен сәйкесті белдеу мен кимононы табыс етті.

Елбасы бұл кимоно тхэквондодан ең жоғарғы данға ие болатын қазақстандық спортшыға табыс етіледі, деп атап өтті.