Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Түркия басшысы Н.Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан халқына шынайы тілектерін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев түрік халқына алдағы жылы табыстар мен игіліктерге қол жеткізуді тіледі.