Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы жарылыс кезінде қаза тапқан кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға туралы хабар қабырғамды қайыстырды, делінген жеделхатта.

Н.Назарбаев қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.