Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жариялаған Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицада айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен, орталықтың бағалауынша, «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан облысы шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Ал «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.


Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.