Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет әлеуметтік жобалар форумы өтеді

Форум онлайн түрде екі күн бойы (22-23 сәуір) өтеді. Онлайн-трансляция www.fsp-fnn.kzсайтында жүргізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушысы–Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қоғамдық маңызы бар айрықша өткір мәселелерді талқылау мақсатында әр бағыттағы ұйымдардың басын қосуға қатысты бастаманы қолға алды.

Форумның басты серіктістігі– Eurasian Resources Group (ERG).

Азаматтық бастамалар орталығыКЕҰ (Коммерциялық емес ұйымдар) арасында аймақтық қолдау көрсетті.

Форумға қазақстандық және халықаралық спикерлер –КЕҰ,мемлекетік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғам қайраткерлері, бренд-көшбасшылар, халықаралық және қайырымдылық ұйымдар, азаматтық белсенділер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев,БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі
Якуп Бериш
, Eurasian Resources Group (ERG) Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және басқалар бар.

Форум қатысушылары мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның тұрақты дамуға қол жеткізу, экологиялық мәселелерді шешу, әлеуметтік салаға жауапты бизнес жүргізу және басқа да өзекті мәселелерді қозғайды. Форум жұмысы аясында басты назар - бірлескен бастамалар, серіктестік жобалары және ықтимал ынтымақтастықтың басты бағыттарын іздеуге аударылады.

Форумның екінші күнінде (23 сәуір) 14-15 сәуірде Алматы қаласында өткен Әлеуметтікжобалар мен идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталады. Озық шыққан 8 жоба авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын алады.