Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа қайта енді

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ВАК мәліметінше, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Павлодар облыстары бар.

"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта - қалған өңірлер.

Айта кетейік, елімізде кейінгі тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырғаны
анықталды
.

Сондай-ақ 8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 қазақстандық коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 16 770 адам коронавирус жұқтырған, 10 258 науқас пневмониямен ауырып жатыр.