Бұл туралы NewTimes.kz порталы хабарлайды.
25 жастағы жігіт Елордадағы қонақ үйлердің бірінде бармен болып жұмысқа орналасқан. Ол нан табу үшін Ақмола облысынан Нұр-Сұлтан қаласына келген.
Әнуардың туыстары оның жолын бейнебақылау камерасы арқылы бақылап көруге тырысты, бірақ олардың әрекеттері нәтижесіз болды.
«Ол төмен түсіп, коммуналды үйлердің арасымен жүрген, ол жақтарда бейнебақылау камералары жоқ. Әрі қарай қайда кеткені белгісіз, - дейді Әнуардың тәтесі Сұлушаш Ибраева.
Сол күні кешке ол Сұлушаш туысқанына Whatsapp желісі арқылы бәрі жақсы екенін айтқан. Әнуар сол күні түнгі ауысымға қалған. Келесі күні таңертең үйіне оралмады. Туыстары бірден дабыл қақпады, өйткені Әнуар кей кездерде жұмыстастарымен орындарын ауыстырып, жұмыс жасап жүрген кездері де болған.
«Бір рет үйге қонбай қалған кезінде, жұмыстасымның орнында болдым деп жауап берген еді», − деді Әнуардың тәтесі.
Сол күні кешкі уақыт болды, бірақ Әнуар байланысқа шықпаған.
«Біз қоймай телефон шалып жаттық, бірақ телефон тұтқасын көтермеді», − дейді Әнуардың тәтесі.
Астаналық әйел полицияға жүгініп, олар іс қозғады.
NT редакциясы Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөлімінің баспасөз қызметіне хабарласып, олар жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты растады.
«Әнуар Байзуров із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Нұр-Сұлтан ДП криминалдық полиция бөлімі Әнуар Байзуровтың қай жерде екенін анықтап жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Эльмира Шауленова.
Туыстары Әнуардың достары мен туыстарына хабарласты. Олардың барлығы қазіргі таңда Әнуардың қай жақта екенін білмейді.
Еріктілер мен 25 жастағы барменнің туыстары өздері іздеуді бастап кетті. Әнуардың бейнебақылаудан кейін қай жақта болуы мүмкін екенін көріп, Mega Silkway сауда орталығының маңдарынан іздеп көрді.
Жігіттің тәтесі оның жұмыс жасайтын бардың атауын білмейтінін айтты.
«Біз осы аудандағы барлық барлар мен мейрамханаларды аралап шықтық. Бірақ барлығы да ондай адам жұмыс жасамайды», - деп жауап берді.
Туыстары оның тонауы мүмкін емес дейді, өйткені оның ондай үлкен қаржысы жоқ екенін айтты.
«Қолма қол максимум дегенде 10 мың жүруі мүмкін. Бірақ көбінесе банк карточкасын қолданады», - дейді туыстары.
Lider.kz-тің еріктісі Ольга Тултаеваның айтуынша, олар бар күш-жігерлерін 25 жастағы жігітті іздеуге жұмсап жатыр. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ екенін айтты.
«Жарнаманы барлық қала мен қала маңындағы аймақтарға тараттық. Барлық коттедждер, гараждар мен қараусыз қалған ғимараттар да тексеріліп жатыр. Туыстары оны іздеуге Атбасардан келді. Олар Әнуар үшін қатты алаңдауда», - дейді Ольга.