Нұр-Сұлтанда автобус трактормен соқтығысты

Нұр-Сұлтанда арнайы техника жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан үш жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

CTS қалалық көлік компаниясы мәліметінше, оқиға сағат 13.30-да Тәшенова көшесі мен Республика даңғылы қиылысында болған.

"Арнайы техникамен (трактор) №2 автобус соқтығысқан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарымен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - деді компанияның баспасөз қызметі өілдері.


Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция бөліміне жолданатыны айтылды.