Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.С. Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.
"Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметшісі Ақмарал Олжабаева.
Барлық автобус парктерінің жүргізушілеріне осындай жағдайлардың алдын алу тапсырылды, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді.