Нұр-Сұлтанда ер адам кассирді тұншықтырмақ болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда медициналық бетперде таққан 34 жастағы ер адам шағын қаржы ұйымында қылмыс жасады. Ол мекемеге клиент ретінде келіп, кассир кабинетте жалғыз қалған кезде ақша талап етіп, оны тұншықтырмақ болған. Қылмыскерге қарсылық көрсеткен бойжеткен дабыл батырмасын басып үлгерген. Ал ер адам жасырынып үлгерген, деп хабарлады елорда полицция департаменті.

Алайда тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдіктінің ізіне түсті.

"Ер адам қылмыс жасағаннан кейін аялдамада автобусқа мінгені анықталды. Ол қоғамдық көлікте жол ақысын "QR-code" арқылы төлегендіктен оның жеке тұлғасы анықталды", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полициясының баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта осы факті негізінде Қылмыстық кодекстің 191-бабы – "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азаматтың осы тектес басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.