Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 682 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы науқастардың саны жағынан әлі де көш бастап тұр (230). Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусы 79 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында 74 адамнан табылды.

Қызылорда облысында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Түркістан облысында 2, Маңғыстау облысында 2 науқас инфекцияны жұқтырды.


Алматыда 35, Шымкентте алты науқас тіркелді.

Жалпы республика бойынша 122 335 адам ауырды, 110 835 науқас жазылып шықты, 1 899-ы қайтыс болды.