Нұр-Сұлтанда крематорий құрылысы басталды

Құрылыс-монтаж жұмыстарымен қаланың құрылыс басқармасы айналысып жатыр.

"Құрылыс мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәкйес жүргізілуде", - деп хабарлады әкімдік.

Қазір қазандық орнату жұмыстары басталды.

Еске салсақ, 2020 жылы тамыз айында елордадағы крематорий құрылысына 1,5 млрд теңге қажет екені хабарланған еді.

Айта кетері, Нұр-Сұлтан крематорий салынатын елдегі жалғыз қала емес. Алматы қаласында крематорий құрылысы аяқталуға жақындап қалды.