Нұр-Сұлтанда күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйел көз жұмды

Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Институттағылардың мәліметінше, денесін күйік шалған әйел 10 қарашада түнгі сағат 1:35-те көз жұмған. 

Еске сала кетсек, қазан айының басында елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынша үстіне бензин құйып, өртеп жіберген еді. 


Нұр-Сұлтан қалалық полициясы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында отыр.