Нұр-Сұлтанда мейрамхана өртке оранды


Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Бүгін, 6 тамызда сағат 15:09-да «101» пультіне Тұран, 31 мекенжайы бойынша орналасқан «Мельница» мейрамханасында өрт шыққаны жайлы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жіберілген. Өрт сөндірушілер келгенде мейрамханаға жапсарлас салынған нысанның шатыры өртеніп жатқаны анықталған. Қазіргі уақытта қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан 30 адам мен 6 техника бірлігі жұмылдырылған.