Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

 Елордадағы "Керемет" моншасының бассейнінен әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Caravan.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Әйел монша кешеніне бейсенбі күні кешке келген. 19.10-да бассейннен оның жансыз денесі табылып, оқиға туралы дереу полицияға хабарланған.

51 жастағы марқұмның екінші топтағы мүгедек екені ("эпилепсия" диагнозы) анықталды.


Ол моншаға анасымен бірге барған.

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, деп хабарлады полиция.