Ұйымдастырушылар «Елбасы Академиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы (РҚББОӘО).
2021 жылғы 23 қыркүйек күні екі тарап іс-шараны өткізу туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ұлттық турнир екі лигада – қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады. Оған биылғы қазан және қараша айларында барлық өңірлерде өтетін облыстық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпаздары қатысады. Іріктеу турнирлері 9-11 сынып оқушылары арасында өтеді.
Пікірталас америкалық парламенттік форматта өтеді, ойынға үкімет пен оппозицияның командалары белгіленген тақырып төңірегінде ой бөліседі.
«Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Мұрат Жұманбайдың айтуынша, алдағы дебаттық турнирлер топтамасы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген мектеп оқушылары арасынан еліміздің 1 000-нан астам ділмарлар жұрттың алдына шығады. Олар Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіз даму жолына ауқымды көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін еліміз үшін өзекті тақырыптарда пікір таластырып, жарысатын болады.
«Елбасы академиясымен Турнирді ұйымдастырудағы өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қою – Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысын дамытудағы үлкен қадам. Біздің РҚББОӘО негізінде пікірталастарды дамыту бойынша жеке жобалық кеңсе құрылды. Біз кез келген мәселенің қисынын келтіретін сөз шеберлерін қолдаймыз, онлайн және офлайн турнирлер өткіземіз, Қазақстанның әрбір өңірінде дебаттарды жүйелі түрде дамытамыз», - деді
РҚББОӘО директоры Раиса Шер.
Турнирге дайындық барысы әлеуметтік медиада жарияланатын болады, ал іс-шаралар барлық санитарлық және эпидемиологиялық нормалардың сақталуын ескеріп жүргізіледі.