Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚМА елордалық департаментінің мәліметінше, Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактуралар жазып берген. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген. «Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге - 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды», – делінген мәліметте. Төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында барлық контрагенттерден өндіріп алынатын болады.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/549427-elordada-saly-tan-zhaltar-andar-byudzhetke-490-mln-te-ge-zalal-keltirgen
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz