Нұр-Сұлтанда жалпы 330 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жалпы қала бойынша медицина қызметкерлері арасында 330-ға жуық науқас тіркелген. Бұл Нұр-Сұлтандағы республикалық, қалалық, ведомстволық мекемелер. Соның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медұйымдарында - 200. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бірі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге тартылған стационарларда", - деді Қисықова брифингте.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда COVID-19 анықталған медицина қызметкерлері арасында өлім жоқ.