Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынды


Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері мәлімдеді. Сархан Бейсенованың айтуынша, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қалада мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

Сонымен бірге мерекелік кештерді Ashyq жүйесімен серіктес мекемелерде өткізуге болатыны айтылады. Бірақ қызметкерлер мен келушілердің мәртебесі "жасыл" түсті болуы және өтетін орынның толық толмау қажеттігі баса айтылған.