Нұр-Сұлтанда жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Loading...

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 10:00-дің шамасында Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесімен келе жатқан көлік Іле көшесінің қиылысындағы бағдаршамға тоқтаған кезде өртке оранды.

"Volkswagen Passat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Көлік толығымен жанып кетті ", - дейді құтқарушылар.


Оқиға орнына бес өрт сөндіруші барды. Олар қысқа уақыттың ішінде өртті сөндірді.