Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысты: 23 адам ауруханаға жеткізілді


Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысу салдарынан 20-дан аса ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 қыркүйекте шамамен 15:00-де "Хова" маркалы жүк көлігін басқарған 1997 жылғы жүргізуші Байырқұм көшесі жағынан А-187 көшесімен қосалқы жолақпен келе жатып Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында көлікке жол бермей, № 64 бағытта жүретін автобуспен соқтығысты", - делінген полиция хабарламасында. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Қалалық ауруханаға жеткізілген 22 жолаушы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүріп жатыр.
Т