Нұр-Сұлтандағы "Сергек" камералары ережебұзушылықтың тағы бір түрін тіркейтін болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Нұр-Сұлтандағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" ересін бұзғандарды анықтау бойынша "Сергек" камераларының қосымша функциясы әзірленіп, енгізілді. Бұл жаңашылдық "Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді", - делінген ақпаратта.

Полиция өкілдері 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Оның салдарынан 95 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.


Полиция департаменті өкілдері жол қозғалысының барлық қатысушысына бір-біріне өзара құрмет көрсетуді, ал жүргізушілерге абай болуды және жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетуді сұрады.