Нұр-Сұлтаннан ұшқан ұшақ қысым әсерінен әуежайға қайта оралған

Әуе компаниясының мәліметінше бортта герметика жоғалған.

"Ұшақ таңғы сағат 08:32-де Нұр-Сұлтан әуежайына аман-есен қонды. Оның бортында 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.

Мәселені индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің әуе оқиғалары және оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тексеретін болады.