Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутқа түсірді

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Ол америкалық Эрик Мунмен (7-0, 6 КО) жекпе-жекке түскен.

Алты раундтық жекпе-жекте Нұрсұлтанов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберді.

Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіби бокстағы бесінші жеңісі. Ал Мун спорттық карьерасында алғаш рет жеңіліс тапқан екен.