Нұртай Әбіқаев Ақордаға шақыртылды

Сыр алдырмайтын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев  жылдық есебін қағазға қарап емес, жатқа соқты. Атынан ат үркетін әрі құпия органның басшысын президент мұқият тыңдап, оған лаңкестікпен күресті тоқтатпауға тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сырттан келетін  жаулардан, елді  ішіміздегі лаңкестерден сақтау мәселесін қарау керек.  Экономикаға зиян келтірмейтін жағдайда жұмыс істеу керек.