Ол осы туындыны қандай мақсатпен түсіргенін Caravan.kz тілшісіне айтып берді.
Режиссер о баста өзінің туған қаласы, онда тұратын адамдар туралы фильм жасамақ болған екен. «Сонда мен Тараз жөнінде әлдебір комедия түсіру дұрыс еместігін түсіндім. Келісесіз бе, Тараз ондай қала емес. Сондықтан бұл жерде криминалдық драма жанры кездейсоқ таңдалған жоқ. Бірақ бұл атыс-шабыстан гөрі әлеуметтік драмаға жақын. Фильм қалай өмір сүріп, не істеп жүрміз дегенді бір сәт ойлуға итермелеуі керек» дейді Н.Адамбай.