Нұртөре Жүсіп жаңа қызметке тағайындалды


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Сырттағы қандастарымыздың ауызбіршілігінің берік болуына «Отандастар» қорының қосып жатқан үлесі зор. Бүгінгі қауымдастықтың құрылуы – соның дәлелі. Бұл бастаманы ертерек қолға алу керек еді, дегенмен игі істің ерте-кеші жоқ. Жаңа шетелдегі бауырларымызды тыңдап, ар жақта болса да отанға деген іңкәрлігін сезіп отырмыз. Алдағы уақытта жаңадан құрылып отырған шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының жұмысының ілгерілеуіне бәріміз бірауыздан атсалыссақ деймін. Мысалы, көрші Ресейде қазақша БАҚ-тар өте белсенді жұмыс істейді. Олар жыл сайын Сочи мен басқа да қалаларда бас қосып, өзара тәжірибе алмасып жатады. Түрлі форум, жиындар өткізіп тұрады. Ол жерде қандастарымыз өз мәселелерін ортаға салып, соның шешімін іздейді. Осы бағыттағы жұмысты басқа елдерде де дамыту қажет. Алда бізді біраз шаруа күтіп тұр, бастамамыз сәтімен болсын», - деді Нұртөре Жүсіп.