Нұржан Керменбаев сахнаға ішіп шығатын әріптестері жайлы айтты

Сонымен қатар, Дана Кентай мен Әбдіжаппар Әлқожа да сахнаға ішіп-шегіп шығатын әріптестері жайлы айтты.

Бұл туралы “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп Stan.kz жазады.

“Көріп жүрміз, ішетіндер де, ішпейтіндер де бар. Бұрын ішіп, кейін ішпей қалғандар бар. Сол ішпей қалғандардың қатарына көбісі қосылса екен деймін. Өйткені ішпегеніміз өзімізге абзал. Өмірімізде береке болады”, – дейді Нұржан.

“Соншама халық әншілерді көремін деп келіп отыр, мысалы. Уақыттарын бөліп отыр. Ол сыйламағандықтың белгісі ғой. Ішіп-шегіп шыққан адам қайбір есін біледі?! Сонда бәрібір деген сияқты қарап тұр ғой”, – дейді әнші Дана Кентай.

Ал Әбдіжаппар Әлқожаның айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алып ел алдына шығу бұрынғының “дәстүрі”.


“100 адамдық сахна болса да, сахнаның киесі ұрады. Сахнаның киесі ұрғаннан кейін әнші адам оңбай кетеді. Қазақта оңбай кет деген сөз бар ғой. Сахнаға ішіп-шегіп шығу деген ескі үрдіс шығар. Қазір ондай дүние жоқ, Аллаға шүкір, мұсылман елміз, қазақ еліміз. Ондай кісілер жоқ”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.