NYMEX шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 4,87 процентке арзандаса, IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,05 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,78 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны 4,87 процентке арзандап әр баррельге шаққанда 29 доллар 67 центті құрады.