Саиповке Нью-Йоркте велосипед жүретін жолда бір топ адамды жүк көлігімен қағып өтті деген айып тағылған. Сот оны мерзімінен ерте босап шығу құқығынан да айырды. Сотталған ер адам Өзбекстанда туған. Шабуылдың салдарынан сегіз адам қаза болып, 12 адам зардап шеккен.
АҚШ-қа 2010 жылы қоныс аударған 34 жастағы Сайфулло Саипов 28 эпизод бойынша (арасында адам өлтіру, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына материалдық көмек беру де бар) кінәлі деп танылған.
2017 жылдың 31 қазанында Саипов жалға алған шағын жүк көлігімен Манхэттеннің орталығындағы велосипед жолында жүрген адамдарды басып өткен. Салдарынан 8 адам қаза тапқан, оның ішінде 5 Аргентина азаматы бар және 11 адам жарақат алған. Жәбірленушілердің арасында жүк көлігі соғылған мектеп автобусының ішінде ерекше қажеттіліктері бар екі бала болған, деп жазады "Америка дауысы". Саиповтың өзін полицейлер жарақаттайды.
Іс материалдарына сәйкес, Саипов "Ислам мемлекеті" (*ДАИШ) лаңкестік ұйымының атынан әрекет еткен, олар оны "өз сарбаздарының бірі" деп атаған.
*ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған ұйым.