Нью-Йоркте 12 адам легионеллезден көз жұмды

Қаза тапқандардың 11-і 40-тан асқандар, олардың денсаулықтарында басқа да ақаулары болған, - дейді дәрігерлер.  

Эпидемиологтар бактерияны ондаған ғимараттың желдеткіш жүйелерінен тапқан.   

Медиктер бұл инфекция егде адамдар үшін қауіпті екенін айтуда. 

Кей құқық қорғаушылар Нью-Йорк әкімі Билла де Блазионы аурудың таралуына жедел ден қоймай отырғанын сынға алуда.   


Ауру 1976 жылы Филадельфияда америкалық легион ардагерлерінің съезінде таралу орнына байланысты атау алған.