РБК хабарламасына сүйенсек, Vogue атты еуропалық белгілі сән журналының бет-бейнесі болған Р. Коршунова Манхэттендегі ғимараттың 9 қабатынан құлап түскен.
"Қайғылы оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз. Алайда, полиция 20 жастағы модель өзін-өзі өлтірді деп болжам жасап отыр. Қыздың денесінде ешқандай соққы іздері байқалмаған", - деп көрсетілген РБК хабарламасында.
Сол арада бірқатар батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, қыздың достары оның өзін-өзі өлтіруге ешқандай себебі болмағанын мәлімдеген.
"Алғаш рет марқұм 2003 жылы көзге түскен. Сол кезде Models 1 сән агенттігінің аға агенті Дебби Джонс Алматы туралы мақаласында Р. Коршунованың фотсуретін атап өткен", - деп хабарлайды РБК.
"2005 жылы 17 жастағы бойжеткен Нью-Йорктегі сән апталығының басты жаңалығы болған. Содан кейін-ақ оның тасы өрге домалай бастаған", - деп түсіндіреді ақпарат агенттігі.