Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне жетті


Детройт қаласында өткен бокс кеші аясында Ниязов Доминикадан келген боксшы Рамон Геварамен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездсесу бесінші раундта Димаштың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Ниязов осыған дейін бірде-бер рет жеңіліп көрмеген. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі. Сондай-ақ, бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов та мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та ең мықты полицей атанған қазақ туралы фильм түсірілген болатын.