The New York Times газеті АҚШ Президенті Дональд Трамптың Twitter микроблогындағы белсенділігіне мақала арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.
Атап өтерлігі, мақала мәтіні үш-ақ сөзден тұрды. "Тоқта. Жай ғана тоқта", - делінген онда.
Газеттің бұл сөздері Америка президентінің MSNBC телеарнасындағы Morning Joe таңғы бағдарламасының жүргізушілерімен ерегісіне жауапты реакция болды. Атап айтқанда, арна жүргізушілері Мика Бжезински мен Джо Скарборо АҚШ президентінің атына сын айтқан. Осыдан кейін Трамп екі журналиске тіл тигізіп, Twitter-де Бжезинскиді «IQ-і төмен есі ауысқан», ал оның әріптесін - «есалаң» деп атады.
Президент сондай-ақ екі жүргізуші де оған Жаңа жылға қонаққа келуге сұранғанын, ал Бжезинскидің беті сол кезде пластикалық отадан кейін қанталап тұрғанын атап өткен. Америкалық саясаткерлер Трамптың сөзін назарсыз қалдырмады және жүргізушілерге қарсы мұндай әрекетін сынға алды. Бұдан бұрын сауалнама нәтижесі америкалықтар Трамптың Twitter-дегі жеке аккаунты бұғатталғанын қалайтынын көрсеткен болатын.