Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Оған бұл жолы америкалық Агустин Маурас (6-3-3, 3 КО) қарсылас болды. Алты раундтық жекпе-жек бесінші раундта Ниязовтың қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды. Бұл Димаштың кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі болды. Оның үстіне отандасымыз әлі жеңіліс не екенін білмей келеді. Ал Маурас өз карьерасында төртінші рет сәтсіздікке ұшырады.