“Ньюкасл” мен “Милан” клубының ардагерлері қайрымдылық матч өткізді

Кездесуді ширақ бастаған астаналықтар есеп ашатын бірнеше мүмкіндікті құр жіберді. Есесіне “СКА” шабуылшысы Илья Ковальчук Ари Ахонен қақпасын дәл көздеп өз командасын алға шығарды. Көп ұзамай Дастин Бойд таразы басын теңестірді. Бірақ үзіліске дейін қонақтар “Барыс” қақпасына тағы бір шайба тоғытты. Гол авторы Виктор Тихонов. Екінші кезеңде “СКА” ойыншы санының басымдығын пайдаланып, қатарынан үш шайба соқты. Шешуші жиырма минуттықта айдын иелері тек Роман Савченконың көмегімен жауап қайтара алды. Енді “Барыс” ертең ресейдің “Атлант” командасын қабылдамақ.

 

 

Осы күндері Испания жерінде өтіп жатқан көпкүндік супер велодода “Вуэльта” аяқталуға жақын. 18-ші кезең “Астана” лидері Винченцо Нибалиға оңай соқпады.

186-шақырымға созызылған бұл кезеңді 4 сағат 46 миунтта бағындырған “Sky” командасының өкілі белорусь Василий Кириленко жеңімпаз атанды. Мәреге екінші болып Крис Серенсен жетсе, Адам Хансен үштікті түйіндеді. Жалпы есепте “Астана” капитаны Винченцо Нибали алғашқы орынды сақтап қалды. Алайда оның басты қарсыласы 42 жастағы америкалық Крис Хорнер бесінші нәтиже көрсетіп жалпы есептің көшбасшысы Нибалиге бар-жоғы 3 секунд қана жетпей тұр. Бүгінгі 181 шақырымдық  кезең жалпы есептің лидерлері үшін шешуші сынақ болмақ. 

 


“Ньюкасл” мен “Милан” клубының ардагерлері жасыл алаңға қайта оралды. Бір кездері аты аңызға айналған қос клуб өкілдері Англияда қайрымдылық матчын өткізді.

Өткен жылдарыдң жұлдыздарын тамашалауға 50 мыңнан астам жанкүйер жиналды.  “Милан” сапында Ди Канио, Паоло Мальдини, Алессандро Костакурто, Франко Барези сынды аты аңызға айналған футболшылар доп тепсе, “Ньюкасл” жейдесінеде Фаустино Асприлью, Джоуи Бартон, Алон Ширер сынды шеберлер өнер көрсетті. Негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмаған қос команда пенальтиге жүгінді. 11 метрлікті мүлтіксіз орындаған италиялық клуб жеңісті тойлады. Бұл матчтан түскен қаражат қайырымдылық қорларына табысталмақ.