“О дүниеде де, бұл дүниеде де разы емеспін”: Бес баласы тастап кеткен ана ұлдарына ауыр қарғыс айтты

Бұл туралы Koremiz Ютуб арнасы хабарлайды.

Сәрсенкүл Прекешованың айтуынша, басындағы баспанасын бермегені үшін балалары оны керексіз етіп тастап кеткен. Апа балаларын бағып-қағу үшін базарда сауда жасап ақша тапқан. Кейіннен балалары аяққа тұрған соң аналарынан тек ақша дәметкенке ұқсайды. Бірақ, телеарна журналистеріне олар аналарын не үшін тастап кеткендерін мүлде айтпай қойды. Сөйлесуден бас тартты. Ал көршілері Сәрсенкүл апа мінезді болғанын, кейде ішетінін жасырмады. Балалары аналарына ішуді қоюды сұрағанмен, аналары ішімдіктен бас тарта алмапты. Балаларына күйінген Сәрсенкүл апа: "Қазір менің денсаулығым, жағдайым жоқ. Балаларым маған алимент төлесін. Мен оларды жетілдірдім. Бар жағдайын жасадым. Құдай берсін жазасын. Мен балаларыма разы емеспін. О дүниеде де, бұл дүниеде де разы емеспін", - деді апа.