"О дүниеде ібіліс папаңның құшағында боласың": Түрмедегі салафиттің әйеліне жазған хаты

Бұл туралы қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Түрмедегі СӘЛӘФИТ тен келген хат!

“Шайтандармен билеп жүрсің бе?” деген жері өтті!

Ібіліс папаңның құшағында жатасың дейді ме?

Тараз нөмірі 26 түрме қызметкерлері сіздерді де мына сәләфит шайтанмен билетіп қоймаған ба?

Әлде сәләфиттерге түрмеде бәрін істеуге мүмкіндік беріп қойған ба билік?

Сәләфит күйеуінен әйеліне түрмеден келген хат", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Айгүл Орынбек көрсетткен хатта салафит әйеліне "Ібілістің қызысың сен. О дүниеде ібіліс папаңның құшағында боласың Ин Ша Аллах", - деп хат қалдырған.

Осы іс бойынша Жамбыл обылысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  ақпараттың растығын және сотталғандығын анықтау үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.