ОАР үкіметі елдің экс-президенті Н.Манделаның ауруханадан үйіне оралғандығы туралы ақпаратты теріске шығарды


ОАР билігінің мәлімдемесіне қарағанда, 95 жастағы Мандела әлі Преториядағы ауруханада жатыр. Ол осыдан 2 айдан астам уақыт бұрын ауруханаға өкпедегі инфекцияның кезекті мәрте ушығу диагнозымен түскен.