ОАР-дағы рудникте 200 кенші із-түзсіз жоғалып кетті

 Рудниктің иесі Harmonу Gold компаниясының хабарлауынша, шахтадағы жалын тілі ауыздықталған, өрт кезінде жер астындағы қауіпсіз орынға жасырынып үлгерген 280 жұмысшы  жоғарыға шығарылды. Дегенмен құтқарушылар тап сол шақта жер астында кезекті ауысымда жұмыс  істеп жатқан тағы  199 адамды табуға әрекеттеніп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде  жалын лап ете қалған.